Кепілді жеткізуші
«Батыс Энергоресурсы» ЖШС Батыс Қазақстан облысы бойынша электр энергиясының кепілді жеткізушісі болып табылады.
«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес, электр энергиясын Кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.
Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларының 12-тармағына сәйкес, электр энергиясын Кепілдікпен жеткізуші Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 116-бабы 3-тармағы 14) тармақшасына сәйкес реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар ішінен айқындалады.
Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес, энергия беруші ұйымның оралымды-диспетчерлiк басқаруы қолданылатын аумақ және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымның электр желiлерi арқылы электр энергиясын алатын, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының шиналарына қосылған барлық тұтынушылар электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілердің жауапкершілік аймағы болып табылады.