1 шілдеден бастап "Жайықжылуқуат" АҚ қызметтері үшін «Батыс Энергоресурсы» ЖШС Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) бойынша төлеуге болады

13.07.2023

Қала тұрғындарының өтініші бойынша облыс депутаттары БҚО әкімдігіне коммуналдық қызметтердің барлық жеткізушілерін Бірыңғай төлем құжатына енгізу туралы сұрау салумен шықты. 1 шілдеден бастап БТҚ-ға "Жайықжылуқуат" АҚ кірді, алайда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ БТҚ әлеуметтік жобасына әлі кірген жоқ. 

Енді тұтынушы электр энергиясы, сумен жабдықтау, ҚТҚ, ПИК шығару қызметтерімен бірге жылыту және суды жылыту қызметтеріне бір түбіртек бойынша ақы төлей алады.

жеке кабинет