Мемлекеттік тілді меңгеру – бүгінгі заман талабы.

05.09.2017

Мемлекеттік тілді меңгеру – бүгінгі заман талабы. Қазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көзделген мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге деген мақсатты «Батысэнергоресурсы» ЖШС де қолдап, өз үлестерін қосуда. 2017 жылдың мамыр айынан бастап мекемеде «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНА ОҚЫТЫЛАТЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ» (Бағдарлама «Бизнес Қауымдастық» жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі Педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілді, №2 хаттама «26» сәуір, 2016 ж.) бойынша Қарапайым деңгей (А1) бойынша қазақ тілін оқыту курстары жүргізіліп, тамыз айында аяқталды. Курсқа қатысушылар деңгейін анықтау диагностикалық тест бойынша жүргізілді. Курсқа мекеменің 16 қызметкері қатысты. Қарапайым деңгей (А1) қазақ тілін меңгерудің қарапайым деңгейі бойынша коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын белгілейді. Бағдарлама талаптары қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын қалыптастыруда міндетті болып табылады. Курс 100 оқу сағатын қамтып, аптасына екі рет жүргізілді. Тілді меңгертуде қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым түрлерімен жүзеге асырылды. Қатысушылар арнайы оқулықпен, аудиоматериалдармен қамтамасыз етілді. Курс барысында аралық тест жүргізіліп, қатысушылардың біліктілік деңгейі анықталды, ал курс соңында қорытынды тест арқылы тілді меңгеру деңгейі анықталып, сертификаттар табыс етілді. Сертификатқа курстың барлық тыңдаушылары ие болды. Курс тыңдаушылары бұл курс арқылы білімдерін жетілдіргендерін айтып, алдағы уақытта одан кейінгі деңгейлерді игеруге ниет білдіруде.

жеке кабинет