Ақсай қаласының электр энергиясын тұтынушыларына арналған ақпарат.

30.10.2023

"Электр энергетикасы туралы" Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым – электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi. 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап "Ақсайэнерго" ЖШС-нің тұрмыстық тұтынушылармен, электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылармен және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалармен электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы алған хабарламасына байланысты, энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын жасаспаған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды электр энергиясының кепілдік беруші жеткізушісі - Батыс Қазақстан облысы - "Батыс энергоресурсы" ЖШС жүзеге асыратын болады.

жеке кабинет