«Батыс Энергоресурсы» ЖШС тұтынушыларына арналған ақпарат
«Батыс Энергоресурсы» ЖШС Батыс Қазақстан облысы бойынша электр энергиясының Кепілді жеткізушісі болып табылады.
«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес электр энергиясының кепілді жеткізушісін және оның жауапкершілік аймағын анықтау реті электр энергиясының бөлшектік нарығының жұмыс істеу Ережесімен белгіленеді.
Электр энергиясының бөлшек нарығының жұмыс істеу және ұйымдар Ережесінің 12-тармағына сәйкес электр энергиясының Кепілді жеткізушісі жауапкершілік аймағына сәйкес басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен салыстырғанда тұрмыстық тұтынушылары көп энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасынан анықталады.
Осы Ереженің 13-тармағына сәйкес электр энергиясының Кепілді жеткізушілер жауапкершілігінің аймағы электр энергиясын жеткізу ұйымының жедел диспетчерлік басқаруымен қамтылатын аумақ және келісілген электр энергиясын беру туралы келісімдерге сәйкес электр энергиясын беру ұйымының электр желілері арқылы электр энергиясын барлық энергия тұтынушылары болып саналады.
Бюджеттік ұйымдардың назарына: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетілген қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату.